|
Алматы Қаласының Ішкі
Саясат Басқармасы, Қазақстанның Жастар МедиаОдағы, Халықаралық Бизнес Академия және Ш. Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ-ның ресми
қолдауымен Let’s speak қазақша! атты сайысын жүргізіп жатыр.
Біздің байқаудың
«Менің өмірімдегі қазақ тілі» және «Қазақ тілін не үшін үйреніп жатырмын» атты
тақырып бойынша көптеген тапсырыс арасынан біздің сарапшылар ең қызықты және
сауатты шығармаларды іріктеп алды. Олардың авторлары – әр түрлі ұлттардың
өкілдері – енді ашық сайысқа шығатын болды. Оларға «Қызғылт қоян туралы ертегі»
кинотаспасы кейіпкерлерінің қақпасөздерін аударуға ұсынады. Кинофильмнің
үзінділерін пайдалануға «Қазақфильм» АҚ-ның төрағасы Аманшаев Е.А. мырза өзі
берді.
Сонымен бірге
қатысушылар күнделікті өмірдегі (ЦОН-да, жол полициясы қызметкерімен, сатушымен
т.б.) жағдайларда қазақша сұхбаттасып, SMS-ты қазақша жіберуде жарысады.
Бәсеке бойынша
сарапшылардың қорытындыларынан кейін Let’s speak қазақша! қатысушылары дипломдар
мен бағалы жүлделермен (Әмбепап электрондық сөздік- қазақша, ағылшын, орыс
тілінде, Nokia C2-03 ұялы телефоны, Sony DSC-W510, Samsung ES9 цифрлы
фотоаппараттары және көптеген әрқайсысы 2 GB флеш-карттары) марапатталады.
Сіздерді 15
қарашаның жұлдызында Халықаралық Бизнес Академиясында күтеміз.
Мекен- жайымыз: Розыбакиев көшесі, 227,
МЕГА-орталығының қасында, 4 қабат, №425 конференц-залы. Басталуы – сағат 12.00.
Байланысу үшін:
Қазақстанның Жастар
МедиаОдағының үйлестірушісі Руслан Минулин
8 701 782
6721
8 777 263
2947
|